Жиналыстың мақсаты, мекеме қызметкерлері арасында дұрыс діни түсінікті қалыптастыру, сонымен қатар жат діни идеологияның және теріс пиғылды көзқарастардың қалыптасуының алдын-алу болды. Шараға арнайы шақырылған Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты, теолог Кеңшілік Тышқан жиналыс барысында мекеме қызметкерлеріне мемлекетпен діннің ара қатынасы, зайырлылық, діни радикализм, діни фанатизм, діни экстремисттік топтарың сипаттары, отбасы құндылықтары, жастар арасындағы діндарлық, руханиятты байыту жайында әңгіме қозғады.
Теолог-ғалым Кеңшілік Тышқан жиын соңында қызметкерлердің өздерін толғандырып жүрген дінге байланысты сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді. Өз кезегінде компания қызметкерлері дін мәселесі бойынша өз ой-пікірілерін ортаға салып талқылады, Ұйымдастырылған шара өте мәнді де әсерлі өтті.