Ансамбль құрылғаннан бері компаниядағы барлық іс-шарада өнер көрсетіп жүр. Жұмыс ауысымынан кейін сайын дала төрінен домбыра күмбірін жиі естуге болады. Осылайша Қаражанбас виртуоздары әріптестеріне жан рахаты мен жайлы көңіл-күй сыйлайды.
«Жігітке жеті өнер де аз» дейді халқымыз. Иә, біз өндірісте жұмыс істейміз, бірақ шығармашылық жанымызға жақын. Ұлттық аспаптың үнін сүйетін тыңдарман барда шабытымыз шалқиды. Біз әлі де өнер сүйер көпшілікті жаңа туындылармен қуантамыз», – дейді ансамбль мүшелері.
Ансамбль құрамында түрлі цехтар мен мамандық өкілдері бар. Олар домбыра үнін гитара, фортепиано, аккордеонмен толықтырады. Туындыларды тамылжыта орындайтын ансамбль мүшелері көптеген сайыстың жеңімпазы атанып үлгерген. Мамандығы мұнайшы болса да, жүрегі музыка деп соғатын өнерпаздар көктемгі мерекелерге жаңа бағдарлама дайындауға кірісіп кетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram