Аталған марапат дүниежүзілік донор күніне орай облыстық қан орталығы «Донор күніне 20 жыл: донорларға алғыс айтамыз» ұранымен өткізген іс-шара барысында табыс етілді. Онда ұйымдастырушылар «Құрық порты» ЖШС басшысына халық денсаулығын нығайту бағытындағы игілікті іске белсенді атсалысып, кейбір науқастардың өміріне ауадай қажет дүние – қан тапсырып, өзгелерге үлгі болып жүргені үшін ризашылығын білдіріп, Алғыс хат табыстады.
– Халықтың тұрақты қан тапсыруға кеңінен қатысуы – әрбір адамның қажет болған жағдайда қанға қол жеткізуінің кепілі бола алады, денсаулығыңды нығайтумен қатар бұл өте сауапты іс, – деген Серік Ахметов алдағы уақытта да бұл игілікті істі жалғастыра беретінін жеткізді.
Дүниежүзілік қан доноры күнінің 20 жылдық мерейтойы – бүкіл әлемдегі қан донорларына жылдар бойы өмірлерді сақтап қалуға қосқан үлестері үшін алғыс білдірудің және донорлықтың пациенттер мен барлық адамдар үшін маңыздылығын бағалаудың тамаша мумкіндігі дейді ұйымдастырушылар.
Шахида Жұман
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"