К 30-летию Независимости Казахстана | 08 қараша 12:30

Доссор тұрғындарына спорт алаңы сыйға берілді

«Ембімұнайгаз» АҚ 100 жылдық мерейтойына орай Доссор поселкесінде көпсалалы спорт алаңын салды. Спорт нысанының ашылу салтанатына Мақат ауданы әкімдігінің басшылығы, ардагерлер мен Доссор ауылының тұрғындары және жас футболшылар қатысты.

«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау облысы өңірлерінің инфрақұрылымын дамытуға тұрақты түрде үлес қосып келеді. Осының айғағы ретінде Компанияның мұнай-газ өндіру басқармалары жұмыс істейтін дәл осындай көпфункционалды спорт алаңдары жақын арада Аққыстау, Мұқыр және Мақат ауылдарында да пайдалануға берілмек. Жаңа нысандар халық игілігіне қызмет етсін деген тілегіміз бар», – деді Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова.

Доссорлық спортшыларға сыйлық ретінде доптар мен басқа да спорттық жабдықтар тарту етілді.

 

Аталмыш нысанда спорт алаңы (6300 шаршы метр), ұзындығы 250 метр болатын жүгіретін жол,, шағын футбол және воркаут алаңдары (көше гимнастикасы) және тренажерлар бар.

Жиында аудан әкімінің орынбасары Азамат Шанғалаев пен ардагер Табылды Жолмағамбетов спорт алаңының ауылға қажетті ғимарат екенін айтып, Ембі мұнайшыларына ризашылықтарын білдірді.

Шараның ашылу рәсімі аяқталған соң балалар командаларының жолдастық кездесуі өтті.