К 30-летию Независимости Казахстана | 08 желтоқсан 08:25

Доссорда – үш мерейтой

«Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының ұйымдастыруымен Доссор мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Байшонас кен алаңының 90, Ботахан кен орнының 40 жылдық мерейтойларына арналған салтанатты шара өтті.

Шара барысында «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Есен Қайыржан мұнай-газ өндіру басқармасы қызметкерлерін мерекемен құттықтап, доссорлық мұнайшылардың сонау патша үкіметі, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы елеулі үлестеріне ерекше тоқталып өтті. Қазіргі экономиканы еселеудегі еңбектеріне ризашылығын білдірді. Кен орындары мұнайшыларын мерейтойларымен құттықтап, бір топ мамандарды «Ембімұнайгаз» АҚ атынан Құрмет грамотасы, Алғыс хаттармен марапаттады.

 

Сонымен қатар, басқарма бастығы Серік Әбдиев пен кәсіподақ ұйымының төрағасы Самат Мұхамбетов құттықтау тілектерін арнап, еңбегімен ерекшеленген мұнайшыларды ұлықтады.

Шара Ембіге қарасты өндірістік-құрылымдық бөлімшелер қызметкерлері ұсынған концерттік бағдарламаға ұласты.