К 30-летию Независимости Казахстана | 28 желтоқсан 09:20

Доссорда еңбек адамдары ұлықталды

Қарапайым еңбек адамына құрметпен қарау - әрбір табысты компания үшін маңызды. Себебі, табысты еңбектің кілті – ұрпақ сабақтастығы сәтімен жалғасқан ортада.

Осы орайда, «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының ұжымы әркез әлеуметтік жауапкершілікке басымдық береді. 2022 жыл ішінде зейнеткерлік демалысқа шыққан 20 қызметкерге құрмет көрсетіліп, сала жұмысына қосқан ерен еңбектері үшін алғыс білдірілді. Айта кету керек, мұндай шара басқарма бойынша дәстүрге айналған.

Шара кезінде басқарма бастығы Серік Әбдиев пен басқарма кәсіподақ комитетінің төрағасы Самат Мұхамбетов құттықтау сөздерін сөйлеп, зейнеткерлікке шыққан 20 қызметкерге арнайы дайындалған Алғыс хаттар, «Sulpak» сауда үйінің сертификаты және тәттілер салынған сыйлықтарды табыс етті.

 

Жайма-шуақ көңілдегі кездесу басқарманың өнерпаз қызметкерлерінің күшімен дайындалған концерттік бағдарламаға және дастархан рәсіміне ұласты.