К 30-летию Независимости Казахстана | 10 апреля 15:25

Доссорда тағы бір маңызды әлеуметтік нысан ел игілігіне берілді

Қор тобы өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмысын жүйелі түрде жалғастыруда. Осы бағыттағы кезекті жоба – Доссор кентінде ашылған жаңа кітапхана-мұражай. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" АҚ Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов өз  Instagram парақшасында бөлісті.   

 

Тарихы терең, мұнай өндірісінің бастауында тұрған киелі мекенде бой көтерген бұл орталық – рухани жаңғырудың жарқын көрінісі. Мұнда 30 мыңға жуық кітап пен 4,5 мыңнан астам құнды жәдігер жинақталған. Сонымен қатар, кітапханада зағип жандарға арналған Брайль қарпіндегі кітаптардың болуы – инклюзивті қоғам қалыптастырудағы маңызды қадам. Жаңа мәдени ошақ жастарға білім мен шабыт сыйлап, ауыл тұрғындарының бас қосатын рухани орталығына айналмақ.

Жоба «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен жүзеге асырылып, өңірдің мәдени дамуына елеулі үлес қосты. Жалпы, Атырау облысында 11 млрд теңгеден астам қаржыға 34 жоба іске асырылған. Бұл кітапхана-мұражай ұрпақтар сабақтастығын жалғап, ел руханиятының дамуына қызмет етері хақ.