К 30-летию Независимости Казахстана | 15 наурыз 16:47

Доссормұнайгазда наурыз мерекесіне орай марапаттар табысталды

«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты басқармалардағы Наурыз мерекесі жалғасуда. Бүгін қарт Ембінің қара шаңырағы саналатын «Доссормұнайгаз» МГӨБ-да салтанатты шара өтті.

Басқармаға қарасты бөлімдердің қызметкерлері мен сала ардагерлерін құттықтаған «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Сәбит Арынов жаңа жылда табыс тілеп, бір топ қызметкерлерге Құрмет грамотасы мен Алғыс хат табыстады. 

Ал салтанатты шараға қатысқан Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов компанияның ел игілігі жолында жүзеге асырған жұмыстарын атап, алғыс білдірді.

Ұлттың тамыры – ауылда. Бұл орайда доссорлық мұнайшылар Наурыз тойында ұлттық салт-дәстүрімізді қадірлеп, өнегелілік көрсетті. Ұлттық нақыштармен безендірілген киіз үйде тұсау кесу рәсімі жасалды.

 

Мұнайшылар өз ісінің майталман мамандары болумен қатар, сан өнерді бойына жиған әмбебап екендерін тағы бір мәрте паш етті. Кір тасын көтерген күш иелері мен арқан тартысып, мықтыларды анықтаған дода да мерекенің сәнін кіргізді.