Жаңа рельсті-шпал торлары 26 аралықта және 14 бөлек пунктте төселді. 140 бағыттамалы бұрма орнатылды. 9 аралықта екінші жолдардың жер төсемін төгу жалғасуда. Жалпы, үйінді салу жұмыстары 95% орындалды.
Механизаторлармен бір мезгілде көпір салушылар да жұмыс істеуде. 92 көпірдің 91-і салынуда. 72 көпірге тіректер орнатылып, 62-сінде аралық құрылыстар аяқталды. Су өткізгіш құбырлар орнатылып жатыр.
Жоғары вольтты желілерді қайта құру және салу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ байланыс, белгі беру, орталықтандыру және бұғаттау (БОБ) объектілері салынуда. Жобаны іске асыру шеңберінде шамамен 1700 км БОБ кабелі салынатын болады. Учаскеде пойыздар қозғалысын қауіпсіз басқаруды қамтамасыз ететін микропроцессорлық орталықтандыру жүйесі қарастырылған. БОБ жабдықтары мен құрылғыларын бөлек пункттер мен аралықтарға орналастыру үшін блоктық-модульдік ғимараттар орнатылуда.
Достықтан Мойынтыға дейінгі екінші жолдардың есебінен учаскенің өткізу қабілеті 5 есеге артатын құрылыстың аяқталуы 2025 жылға көзделген. Алайда, "ҚТЖ" ҰК" АҚ ірі жобаларын іске асыру дирекциясы атап өткендей, жекелеген бөліктерде ағымдағы жылдың өзінде-ақ екінші жол бойынша пойыздардың уақытша жұмыс қозғалысын ашу жоспарлануда.