Жұмыс істеп тұрған жолдарды бөлшектеу және жаңа рельс-шпалдық торды, жалғау жолдарын төсеу, бағдаршамның кіріс сигналын беру және басқа да жұмыстар бойынша жұмыстардың үлкен көлемі жүргізіледі.
Осыған байланысты жүктерді тиеуге, жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетін болады.
Жүк жөнелтушілер 2024 жылдың қыркүйек айының үшінші онкүндігінде тасымалдау жоспарын орындамағаны үшін айыппұлдан босатылады.
“Астана - Семей” қатынасымен №121/122 жолаушылар пойызының (тасымалдаушы “Арай Транс КZ” ЖШС ) жүрісі тоқтатылады және Қарағанды – Балқаш 2 қатынасымен №606/606 пойызының (тасымалдаушы “Жолаушылар тасымалы” АҚ) қозғалыс кестесі бір күнге түзетіледі.
Тасымалдау ережелері, кестелер және билеттерді сатып алу туралы толық ақпаратты 1433 тегін нөмірінен алуға болады.