Бүгінгі таңда учаскенің 70% – белсенді құрылыс кезеңінде. Аралықтарда бір мезгілде жер төсемі төгіліп, көпірлер салынуда, су өткізетін құбырлар қойылып, жоғары вольтты желілерге арналған тіректер орнатылуда. 255 км рельсті шпал торы жиналды, олар жер төсемі дайын болған кезде екінші жолға қойылады.
Қазіргі уақытта арнайы техника көмегімен Бүйрек, Көкдомбақ, Ақжайдақ, Ащыөзек, Жайпақ, Ақши және тағы басқа станцияларда екінші жолдың 85 км және 18 бағыттамалық бұрмаларды төсеу аяқталды.
Нысанда 1000 жуық жұмысшы жұмыс істейді және 520 астам түрлі техника жұмылдырылған.
Құрылысты 2025 жылы аяқтау жоспарлануда. Қосымша жолдарды ашу есебінен Достық – Мойынты учаскесінің өткізу қабілеті бес есеге артады. Бұл отандық өнімнің үздіксіз экспортын және Қытай – Еуропа – Қытай жүктерінің транзитін қамтамасыз етеді.