Қазіргі уақытта «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Достық - 19 разъезд бірінші аралығындағы екінші жолдардың құрылысын аяқтап жатыр. Өткен жылдың желтоқсан айында салынған 25 шақырымдық жол бойынша қозғалыс іске қосылды.
Құрылыс аясында темірбетон көпір салынып, су өткізу құбырлары орнатылды. 19 разъезд бойынша станция қайта құрылып, 19 бағыттамаға ЭО модульдік бекеті орнатылып, электрмен жабдықтау қосылды, сондай-ақ өртке қарсы дабылмен жасақталып, бекеттік микропроцессорлық жабдықты монтаждау жүргізіліп жатыр.
Достық станциясында төселген екінші жолды электр орталықтандыруға іске қосу аяқталуда. Салынған нысандар бойынша іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оларды ағымдағы жылдың мамыр айында аяқтау жоспарланып отыр.