Бүгінгі таңда 115 шақырым жол торкөзі төсеуге дайын тұр. Олар Теміртау, Алматы және Ақтөбе зауыттарында жасалған рельстер мен шпалдардан уақытша звено құрастыру базаларында құрастырылады.
Темір жол учаскесінде екінші жолдарды салу жобасына өткен жылдың қараша айында старт берілді. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың басында басталды. Барлығы 836 шақырым темір жол төселіп, 396 жасанды құрылыс салынады.
Құрылыс аяқталғаннан кейін «Достық-Мойынты» учаскесінің өткізу қабілеті 5 есеге – тәулігіне 12-ден 60 жұп пойызға дейін артады, бұл қазақстандық экспорттаушылардың жүк тасымалдауына оң әсер етпек.