К 30-летию Независимости Казахстана | 30 қыркүйек 15:28

Достық – Мойынты учаскесінің екінші жолдарының құрылысы бойынша 545 шақырым жол төселді

Достық – Мойынты теміржол учаскесінде екінші жолдардың кең ауқымды құрылысы жалғасуда. Бұл жобаны іске асыру учаскенің өткізу қабілетін арттырып, қазақстандық өнімнің үздіксіз экспортын қамтамасыз етеді және елдің транзиттік әлеуетін дамытуға айтарлықтай әсер етеді.  

Екінші жолдардың құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде. Учаскеде 450 астам арнайы техника және 1 мыңға жуық маман жұмыс істеуде.  

Жалпы ұзындығы 836 шақырым болатын екінші желіні төсеу үшін 2,1 млн текше метр жер төсемі төгіліп, 52 көпір мен 128 құбыр орнатылды және 344 км теміржол жолдары төселді. Достық — Мойынты учаскесіндегі жұмыстарды аяқтау 2025 жылы жоспарланып отыр, бұл ретте жекелеген учаскелерді іске қосу кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.  

Екінші жолдардың құрылысына қарамастан, қазақстандық жүктердің Қытай бағытындағы экспорты ұлғаюда. Ағымдағы жылдың 8 айында Достық – Алашаңқай  МАТП  арқылы тасымалдау көлемі 20% өскен, яғни 9,1 млн тоннаны құрады. Жабық вагондарда ұнтақ өнімдерінің экспорты 3 есеге, қара металдар 171%, түсті металдар 9%, мұнай және мұнай өнімдері 43% артты.  

Қазақстандық экспорттаушыларды қолдау мақсатында, жөндеу-құрылыс жұмыстарына қарамастан, ҚТЖ осы бағыт бойынша жүктерді тасымалдауға сұранысты барынша қанағаттандыруға тырысады. 29 қыркүйекте Мойынты станциясы бойынша екінші жол учаскесін негізгі жүріспен (Қарағанды учаскесі) қосу жоспарланған, осыған байланысты барлық жүк жөнелтушілерге жол бөлімшелерінен тиеуге тыйым салу енгізілгені туралы хабарланды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк жөнелтушілерге жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты жағдайды түсінгені үшін алғыс білдіреді.