Ұзындығы 836 шақырымды құрайтын екінші желіні төсеу үшін жер төсемінің 6,4 млн шаршы метрі дайындалды. Сондай-ақ мамандардың күшімен 15 көпір мен 177 су өткізгіш құбыры салынып, 406 шақырым теміржол төселді.
«Достық-Мойынты»учаскесіндегі құрылыс жұмыстары 2022 жылдың қараша айында басталған болатын. Екінші жолдарды халық игілігіне тапсыру учаскенің өткізу қабілетін 5 есе арттырады деп жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде өнімнің үздіксіз экспортын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді әрі елдің транзиттік әлеуетінің дамуына айтарлықтай әсер етпек.
Аталған учаскедегі жұмыстар 2025 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.