Ол – «Самұрық-Қазына» қорының 130 инвестициялық жобасының бірі. Бүгін осы жоба туралы толығырақ айтамыз. Алматы, Қарағанды облыстары мен Жетісу өңірінде жаңа жолдар келесі жылы пайдалануға беріледі. Бұл «Қытай – Еуропа» негізгі транзит дәлізінің Қазақстан аумағындағы өткізу қабілетін арттырады.
Желтоқсан айының басына дейін 836 шақырымдық учаскенің 700 шақырымнан астамына екінші жол төселді. 92 көпірдің 78-і салынды. 261 су өткізу құбырының 250-і орнатылды. Жер төсемін нығайту жұмыстары 99%-ға аяқталды.
Сондай-ақ, жоғары кернеулі электр желілерін қайта құру және салу жұмыстары жүргізілуде. Байланыс, сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау нысандары салынып жатыр.
Құрылыс кезеңінде 2500 адам жұмыспен қамтылып, қазақстандық қамту 85%-ды құрайды