«ҚТЖ» ҰК» АҚ Ірі жобаларды іске асыру дирекциясында ең ірі көпірлер Бескөл – 8-разъезд, Предузловая – 5-разъезд, Ашыөзек – Ақжайдақ, Тоқырау – Орта-Дересин, 5-разъезд – Жақсыбұлақ аралықтарында салынатынын атап өтті.
Темірбетон конструкциялары мен жасанды құрылыстарға арналған бұйымдар қазақстандық зауыттарда дайындалады. Қазіргі уақытта 63 көпір салу және 188 су өткізгіш құбыр орнату жұмыстары жүргізілуде.
Достық-Мойынты учаскесінде ұзындығы 836 км екінші желінің құрылысы өткен жылдың қараша айында басталды.
Екінші желіні іске қосу учаскенің өткізу қабілетін 5 есе арттырады. Бұл қазақстандық экспорттаушылардың жүктерін тасымалдауға оң әсер етеді және елдің транзиттік әлеуетінің дамуына әсер етеді.