Ұзындығы 836 км болатын екінші желіні төсеу үшін 7 миллион текше метрден астам жер төсемі төгілуі керек. Қазіргі уақытта 633 км жұмыс жүргізілуде. Жер төсемін жасау үшін 514 бірлік техника жұмылдырылды. Учаскелерде 21 мердігер ұйым, 1000 астам адам жұмыс істеуде.
Жер негізі дайын болғаннан кейін аралықтарда екінші жол салынады. Бүгінде жолдың жоғарғы құрылысын салу Мойынты – Бүйрек, Бүйрек – Сарықұм, Сарықұм – Көкдомбақ, Ақжайдақ – Ащыөзек, Саяқ – 1рзд, Көкдомбақ – Балқаш1 аралықтарында жүргізілуде. 161,7 км рельсті шпалды тор тігілді.
ӘЖ, дабыл және байланыс құралдарының жабдықтарын қайта құру бойынша жұмыстардың үлкен көлемі жүргізілуде.
Достық – Мойынты учаскесіндегі екінші жолдар құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Бұл өнімнің үздіксіз экспортын қамтамасыз ететін және елдің транзиттік әлеуетін дамытуға айтарлықтай әсер ететін ірі инфрақұрылымдық жоба.