Неонатолог дәрігер Умид Рашидов гипотермия аппараты ауыр асфиксия жағдайында туған сәбилердің өмірін сақтап, ми зақымдану қаупін азайтуға көмектесетінін атап өтті. Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына рентген-хирургиялық құрал-жабдық берілді. Бұл жабдықтың көмегімен төрт ай ішінде 60-қа жуық балаға ота жасалып, өңірде балалар хирургиясының деңгейі жақсара түсті.
Dunga Operating GmbH өзінің әлеуметтік міндеттері аясында балалар денсаулығын қорғау мен халыққа ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасын арттыруға ерекше назар аудара отырып, өңірдегі медициналық мекемелерге қолдау көрсетуді жалғастырады.