"Қазпошта" басшысы Қазақстанның Ұлттық пошта операторын дамытудың 2027 жылға дейінгі жаңа стратегиясы туралы айтып берді. Оның электрондық коммерция, цифрлық және операциялық трансформация саласындағы басымдықтарына, сондай-ақ бүгінде іске асырылып жатқан компания жобаларының маңыздылығына ерекше назар аударды. Украиналық тарап пошта инфрақұрылымын дамытуда инновациялық технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасуға қызығушылық білдірді. Сондай-ақ, Украинаның Инфрақұрылым министрі Владислав Криклий Украина мен Қазақстанның пошта қызметтері мен пошта логистикасы секторындағы ынтымақтастық үшін зор әлеуеті бар екенін атап өтті. Осы бағыттағы екі жақты ынтымақтастықты жандандыруға дайын екендігін білдірді.