К 30-летию Независимости Казахстана | 30 қаңтар 14:42

Екі жылда 27 жаңа өндіріс пайда болады

2020-2021 жылдары елімізде баламасы жоқ 27 жаңа өндіріс құрылады. "Самұрық-Қазына" қоры отандық өнеркәсіпті қолдаудың жаңа сипаты – оффтейк-шарттар шеңберінде жобаларға қолдау көрсетіп отыр.

Еске сала кетелік, оффтейк-шарттар 2018 жылы ендірілген және жаңа өндіріс шеңберінде шығару жоспарланған өнімдерге кәсіпкерлердің кепілдендірілген ұзақмерзімді тапсырысты алдын ала алуларына мүмкіндік береді. Басты шарт Қазақстан Республикасында ұқсас өндірістердің жоқтығы болып табылады.

"Жасалған оффтейк-шарттардың жалпы сомасы 2018 жылдан бастап қазіргі уақыт бойынша 9,2 млрд теңгені құрайды. 2018-2019 жылдар ішіндегі инвестициялардың жалпы көлемі 215 млрд теңгені құрады. Жаңа өндірістер 2020-2021 жылдары 1,5 мыңнан аса жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді", - деді "Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС талдау және маркетинг департаментінің директоры Ербол Беков.

Атап айтқанда, қазақстандық кәсіпкерлер вагон баяулатқыштар, көп функциялы техникалық құралдар кешендерін, сонымен қатар мұнайды және басқа сұйық орталарды айдауға арналған сорғы жабдықтарын өндіретін болады. Өз кезегінде, "Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС бас директорының орынбасары Теміржан Әбдірахманов, қазіргі уақытта, импортты алмастыру бағдарламасының шеңберінде техникалық ерекшеліктерді қалыптастыру кезінде ұлттық стандарттарды міндетті түрде пайдалану ендіріліп жатқандығын атап өтті.

Бұдан басқа, сатып алу шарттары бойынша төлем жасаудың мерзімдері 30 жұмыс күнінен 20 жұмыс күніне дейін қысқартылды және импортты алмастыру және жергілікті қамтуды дамыту бойынша орталық жобалау кеңсесі құрылды, оған Қордың, еншілес компаниялардың, "Атамекен" ҰКП, салалық қоғамдық бірлестіктердің, даму институттарының сарапшылары енді.