Негізгі жүк - тас көмір. Ауыр пойыздар Ресеймен шекаралас Пресногорьковская станциясына жеткізілді.
Сондай-ақ, Екібастұз-2 станциясынан 70 астам шартты вагоннан тұратын 2,6 мыңнан астам ұзын құрамды пойыздар құрылып, жөнелтілді. Өткен жылы 2,9 мыңнан астам ұзын пойыз жол тартты. Мұндай пойыздардағы жүк елордаға жеткізілді.
Рекордтық пойыздар учаскелердің өткізу және тасымалдау қабілетін арттыру және тартқыш жылжымалы құрам мен локомотив бригадаларын тиімді пайдалану үшін құрылады.