Станциядағы негізгі жөндеу жұмыстарының бір бөлігі мердігерлік компанияға жүктелген. Сонымен қатар ГРЭС-2 қызметкерлерінің күшімен арматура, регенерация жүйесі, тарту-үрлеу механизмдері, турбинаның қосалқы жабдығы, диірмен жабдығы және №1 ст. энергия блогының басқа да технологиялық тораптары сынды жабдықтар жөндеуден өтетін болады.
Жоспарлы жөндеу жүргізу – бұл күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша негізгі іс-шара, ол апаттық бұзылулардың алдын алып, станция жұмысының қалыпты жағдайда болуын қамтамасыз ету үшін қажет.