Мұхамеджановтың бастамасымен жүзеге асырылатын Eco Network жобасы бірнеше бағыттарды қарастырады: «Экохаб», «Жасыл кеңсе», «Жасыл мектеп».
Семинар барысында Мұхамеджанов қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу ерекшеліктері туралы айтып берді. Сондай-ақ, жалпы адамдардың қалай тартуға болатынын және экомәдениетті насихаттау туралы ойларымен бөлісті.
Семинарға Қор компаниялар тобының 350-ге жуық қызметкері қатысты. Жиынды «Самұрық-Қазына» АҚ жанындағы Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы ұйымдастырды.