Жалпы, бұл аймақта тәулік бойы бақылау автоматты станциялармен жүргізіледі, олар атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың құрамы күкіртсутегі, көміртегі оксиді, азот оксиді, күкіртті ангидрид және көмірсутектердің көрсеткіштері бойынша бақыланады.
Сондай-ақ станцияларда желдің бағыты мен жылдамдығы, ауа температурасы, атмосфералық қысым және салыстырмалы ылғалдылық сынды метеорологиялық сипаттамалар анықталады.
Автоматты станциялардың деректері Wincollect ақпаратын жинау мен өңдеудің автоматты бағдарламасында жиналып, сағат сайын алынады да, AirKZ қосымшасына интеграциялау арқылы "Қазгидромет" РМК-ға беріледі.
Атмосфералық ауаның экологиялық көрсеткіштері туралы ақпаратты қолжетімді етуі Атырау мұнай өңдеу зауытының ашықтығын тағы бір айғақтайды.