Жұмысшылар үшін орталық кеңседе, «Нейрон» медициналық орталығында және Қаражанбас кен орнында үш егу пункті жұмыс істейді. Олар қазақстандық QazVac, ресейлік Sputnik-V және қытайлық Hayat-Vax екпесін өз таңдауы бойынша салдырып жатыр.
Алғашқы болып вакцина салдырғандар қатарында компанияның басқарма мүшелері, вице-президенттері мен кеңсе жұмысшылары да бар.
«Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығы үшін вакцина алуға шақырамын», - дейді «Қаражанбасмұнай» АҚ президенті Ли Тецян.
Бұдан бөлек, компания бұрын коронавируспен ауырған мұнайшылар үшін ерікті түрде антидене тексеруін тегін жүргізуге жағдай жасап отыр.
Айта кететін жайт, енді екпе алған мұнайшылар кен орнына, вахта ауысымына ПТР тест тапсырмай-ақ бара алады.