Алғыс хат қаңтар айында өткен Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесі үшін берілді.
Ал өткен жылдың соңында Шымкент МҚБ инженер-экологы Момынжан Бердіқұлов «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің де алғыс хатына ие болды. Бердіқұловқа марапат мемлекетіміздің жаңғыру жолында ұзақ жыл адал әрі жауапкершілікпен атқарған қажырлы еңбегі үшін берілді.