Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі көрсеткіштерінің нәтижелері жақсы екенін айтты.
"Жалпы, Қор қызметінің қорытындылары басқа жылдармен салыстырғанда өте жақсы. Акционерлік қоғамның барлық компаниялары жылды табысты аяқтап, кірістерін арттыра түсті. Сонымен қатар, Қордың басқару деңгейлері жоспарлы түрде оңтайландырылды", – деді Елбасы.
А.Есімов Мемлекет басшысына Қор активтерін жекешелендіру барысы, "Қазақтелеком" және "Air Astana" компанияларын IPO-ға шығару жоспары, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының "Сарыарқа" газ құбыры магистралін салу жұмыстарын қаржыландыру ісіне атсалысуы жөнінде баяндады.
Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.