Қазіргі таңда «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында 265 мыңнан астам адам қызмет етеді. Оның басым бөлігі, дәлірек айтқанда, 243 мыңнан астамы – өндірістік жұмысшылар болса, әкімшілік басқару қызметкерлерінің саны – 22 мыңнан астам. Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының бас директоры Елдос Өмірзақұлының айтуынша, орталықтың басты мақсаты – 158-ге жуық компанияның басын біріктіретін ірі құрылымда әлеуметтік ахуалға ұдайы зерттеу жүргізе отырып, тұрақтылықты қамтамасыз ету. Орталық осы мақсаттағы жұмыстарды 2013 жылдан бері сәтті жүргізіп келеді. Басты қағидалардың бірі – зерттеу сауалнамасына қатысатын респондент жұмысшылардың жеке мәліметтері мен берген жауаптарының құпия сақталатыны.
«Біздің орталықта «Самұрық-Қазына» Қорына қарасты барлық компания қызметкерлерінің деректері бар. Бұл мәліметтер жыл сайын жаңартылып отырады. 8 жылда зерттеу жұмысын қалыпты да тұрақты жүргізіп жатқанымыз – осынша ауқымды мәлімет қорын құпия ұстай білетінімізді көрсетеді», – деп атап өтті орталық басшысы.
Елдос Өмірзақұлы сұхбат барысында, сондай-ақ, әлеуметтік тұрақтылық индекстері, зерттеу әдістемелері, қызметкерлердің өтініштері мен арыз-шағымдарын тәулігіне 24 сағат қабылдауға арналған «Жедел желі» мен «Нысана» байланыс орталығының жұмысы туралы баяндады.
Сұхбаттың толық нұсқасымен төмендегі видео арқылы таныса аласыздар: