Олжас диспетчерліктің тізгінін қолына алмас бұрын қызметтің барлық өсу баспалдағынан өтті. Атап айтқанда, «Шығыс ЖЭТ» филиалында желі маманынан бастап әуе желілеріне қызмет көрсету бойынша электромонтер, № 7 қосалқы станциясына қызмет көрсету бойынша электромонтер, Өңірлік диспетчерлік орталығының диспетчеріне дейінгі міндеттерді атқарып келді.
Қазіргі уақытта Олжас Өмірзақұлы еліміздің Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің сенімді жұмыс істеу схемасына бақылау жүргізеді. Сондай-ақ, оның негізгі міндеттеріне гидроэлектростанциялар бойынша бекітілген су шығындарын қамтамасыз ету, Қазақстан БЭЖ-інің бақылау нүктелеріндегі кернеу деңгейіне бақылау жүргізу және кернеудің рұқсат етілген деңгейлерін қадағалау, Ресей БЭЖ және Орталық Азия БЭЖ-імен қатарлас жұмыс режиміндегі мемлекетаралық қуат ағындарын бақылау кіреді.
Сонымен қатар, ол Қазақстан БЭЖ-де технологиялық бұзушылықтардың алдын алу және оларды тез оқшаулау мен жою міндеттеріне жауап береді.
Олжас бос уақытында спортпен шұғылданғанды және кітап оқығанды ұнатады.