Биыл КЕGОС электр желілік нысандардың күзгі-қысқы кезеңіне өтуіне дайындау бойынша жөндеу жұмыстарын күн жылына салысымен, яғни, көктемнің алғашқы күндерінен бастады.
Барлығы 95 электр жеткізу желісі мен 56 бірлік қосалқы станция жабдықтары жөнделді:
әуе электр жеткізу желілері және қосалқы электр станциялары; ғимараттар, құрылыстар мен арнайы техникалар.Сондай-ақ, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, конструкциялардың авариялық қоры толтырылып, трансформатор майы мен жанар-жағармай материалдарының жеткілікті қоры жасалды.
Бұл Қазақстанның ұлттық электр желісінің сенімді жұмысын және жүктемелердің күзгі-қысқы максимумын сәтті өтуін қамтамасыз ету үшін қажет.
Жөндеу және алдын алу жұмыстарының кестесі елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып жасалғанын атап өткен жөн. «КЕGОС» АҚ осы қиындықтарды сәтті еңсеріп, компанияның күзгі-қысқы кезеңге өтуге дайындық актісін ресімдеді.