К 30-летию Независимости Казахстана | 26 сәуір 12:30

Электровоз құрастыру зауыты биыл 145 локомотив шығарады

Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбұғанов осы аптада «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ және «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС кәсіпорындарына барып, локомотив құрастыру процестерімен танысты.

Биыл ЛҚЗ 101 бірлік локомотивті құрастырып шығарады деп күтілуде. Оның ішінде 57 жүк, 26 жолаушы және 18 маневрлік тепловоз болмақ.  

Бұл зауыт бүгінде 850-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Зауыт қызметкерлерінің көпшілігі АҚШ-тағы кәсіпорындарда білім алған. ЛҚЗ құрылған кезден бастап бүгінгі күнге дейін айтарлықтай оқшаулауға қол жеткізіп, ҚТЖ үшін, сондай-ақ экспортқа 570-тен астам локомотив шығарды. Зауытта тепловозды құрастырып шығарудың толық циклі ұйымдастырылған, тепловоздарды пайдалануға дайындық 95%-дан төмен емес.

Ал «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС биыл 44 бірлік электровоз құрастырып шығаруды жоспарлап отыр. Бірінші тоқсанда кестеге сай 9 электровоз жеткізілді. Электровоз құрастыру зауытының жыл сайынғы қуаты KZ8A және KZ4AT электровоздарының 100 секциясын, 100 трансформаторды және тарту жүйесінің 620 бірліктен астам түрлендіргіштерін өндіруді құрайды.  

Электровоз корпусын, құрастырмалы арбаларды, тартқыш трансформаторларды, тартқыш түрлендіргіштерді, төмен вольтты және жоғары вольтты кабель өнімдерін өндіру сияқты ірі тораптар локализацияланған. Зауытта мыңнан астам қызметкер бар. «ЭҚК» тарапынан ҚР теміржол желілерінде пайдаланылатын 185 электровоз шығарылды және 40 бірлік экспортталды.  

Локомотив паркін жаңарту теміржол саласын дамыту стратегиясымен астарласып жатыр және тасымалдауға қажеттілікті толық көлемде қамтамасыз етеді.

Сұлугүл Бакесова

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"