К 30-летию Независимости Казахстана | 18 июля 09:42

Елімізде 700 шақырымнан астам теміржол желісі жөнделді

Елімізде теміржол инфрақұрылымын жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі таңда 700 шақырымнан астам теміржол жолы жөнделді – бұл жалпы жылдық жоспардың жартысы, яғни 1482 шақырым.

Жолға күрделі жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған 513 шақырымның 292 шақырымы аяқталды. Жұмыс 40 телімнің 14-і бойынша аяқталды (Қостанай, Павлодар, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында).

Сондай-ақ, Қарағанды облысындағы «Қарағайлы» тау-кен байыту комбинаты қызмет көрсететін Көкпекті-Қарағайлы ерекше көңіл бөлінеді. «ҚТЖ»ҰК» АҚ желісіндегі жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жалғасуда. Ауқымды бағдарлама теміржол желісінің сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.