К 30-летию Независимости Казахстана | 20 қыркүйек 08:25

Елорда теміржолшылары сенбілікте ағаш отырғызды

Нұр-Сұлтан қаласында «Бірге – таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық экологиялық сенбілік өтті. Оған «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның 1700-ден астам қызметкері қатысты.

Үлкен тазалауға шыққан ең белсенді еңбек ұжымдарының бірі Магистральдық желі дирекциясының қызметкерлері болды. Олар 500-ге жуық адамды жинады.

Теміржолшылар қызметтік-техникалық ғимараттарға іргелес жатқан аумақтарды, вокзал маңындағы алаңдарды жөнге келтіріп, темір жолдың бөлу жолақтарын тазалады. Барлығы 10 тоннадан астам қоқыс жиналып, шығарылды.

Сонымен қатар, сенбілік кезінде теміржолшылар ағаш отырғызды.