К 30-летию Независимости Казахстана | 20 қаңтар 10:23

Елордада FWA желісі іске қосылды

2022 жылдың бірінші тоқсанында «Қазақтелеком» Нұр-Сұлтанда, облыстың қалалары мен аудандарында 50-ден астам базалық станция орнатуды жоспарлап отыр.

«Қазақтелеком» Нұр-Сұлтан қаласында FWA (Fixed Wireless Access) желісін іске қосты. Базалық станция 80 мыңнан астам адам тұратын 3500 жеке үйді қамтитын «Юго-Восток» шағын ауданында орнатылды.

2022 жылдың бірінші тоқсанында «Қазақтелеком» Нұр-Сұлтанда, облыстың қалалары мен аудандарында 50-ден астам базалық станция орнатуды жоспарлап отыр. Осылайша, FWA технологиясы бойынша жылдамдығы жоғары интернетпен Қазақстанның тағы 18 000 үй шаруашылығы қамтамасыз етілетін болады.