К 30-летию Независимости Казахстана | 03 тамыз 08:23

Елордада тұрғын үй мәселелеріне қатысты жұмыс тобы құрылды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Астана бас жоспары ғимаратында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов қала әкімінің орынбасары Нұрлан Солтамбековпен кездесті.

Жиналыс барысында елорданың тұрғын үй құрылысының қазіргі жағдайы туралы пікір алмасылды. Кездесуге қатысушылар қолжетімді және сапалы тұрғын үй салу мақсатындағы өзара іс-қимыл механизмдерін талқылады. Диалогта ескі тұрғын қорды жаңарту бағдарламасын іске асыруға ерекше орын берілді.

 

Кездесу қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысы мәселелері және қоғамның Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тиісті бағдарламаларына қатысуы туралы жұмыс тобын құру бойынша шешім қабылданды. Оның құрамына Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының өкілдері және Қоғамның құрылыс және жобалау, өңірлік даму департаменттерінің қызметкерлері кірді.

Жұмыс тобының қызметі құрылыс жобаларының пулын құруға, ескі үйлердің меншік иелерін көшіру мәселелерін шешуге және тиісті рұқсат құжаттарын ресімдеуге бағытталатын болады.