Жолаушылар пойыздарының кешкі кесте бойынша қозғалысы жолаушылар үшін қауіпсіздік пен жайлылықты, сондай-ақ құрамдарға техникалық қызмет көрсетудің толық циклін қамтамасыз етеді.
Жолаушылар пойыздарының "пакеттік" кестесі келесі бағыттар мен Астанадан шығу уақыты бойынша іске асырылатын болады:
№86/85 Астана (Нұрлы Жол) – Шымкент сағат 20:00-де. №4/3 Астана (Нұрлы Жол) – Алматы-2 сағат 20:20-да; №72/71 Астана (Нұрлы Жол) - Шымкент сағат 20:40-та; №10/9 Астана (Астана - 1) – Алматы-2 сағат 20:58-де.Елордалық вокзалдарда бір мезгілде төрт пойыз құрылатынын ескерсек, "Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушыларға пойызға отырғызу кезінде мұқият болуды ескертеді.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы шеңберінде жаңа көлік маршруттарын құруға, маршруттық желіні және пойыздар қозғалысының кестесін өзгертуге негізделген интермодальдық тасымалдарды дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асырады.