Қала ішіндегі газ тарату желілерінің құрылысын жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік бюджет есебінен жүргізуде. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жоспарланған 486,5 км газ құбырларының 78,23 км, 8 газ тарату пункті (ГТП), 7 катодтық қорғау құрылғысы және 140 протекторлық қорғаныс құрылғысы салынды.
2019 жылдың қараша айында Нұр-Сұлтан қаласының тұтынушыларын газбен жабдықтау және тарату жүйелері арқылы газ тасымалдау мақсатында "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Астана өндірістік филиалы құрылды. Бүгінде филиал тұтынушыларға газбен жабдықтау жүйесіне қосылуға техникалық шарттылықтар беру бойынша жұмыс жүргізуде. Теміржол ықшамауданы мен Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы бойынша - 90, Өнеркәсіптік ы.а. - 85, Көктал ы.а. - 356 жеке және заңды тұлғаларға техникалық шарттылық берілді.
22 мың жеке тұрғын үй, 190-нан астам жеке қазандық, 48 шағын коммуналдық қазандық, Нұр-Сұлтан қаласындағы 2 жылу электр орталығы (су жылыту қазандықтары), сондай-ақ орталық жылу жүйесімен қамтамасыз етілмеген коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік тұтынушылар объектілерін газға ауыстыру жоспарлануда.