Жарысқа 8 команда қатысты. Атап айтсақ, Атырау облысынан «Қызылқоға» командасы (Қызылқоға ауданы), «Майкөмген» командасы (Жылыой ауданы), «Мақат» командасы (Мақат ауданы), «Бейбарыс» командасы (Махамбет ауданы) және «Құрманғазы» командасы (Құрманғазы ауданы), Маңғыстау облысынан «Ақшұқыр» командасы (Ақтау қаласы), «Қыран» командасы (Жаңаөзен қаласы) және «FC Академия» командасы (Жаңаөзен қаласы).
Турнирдің ашылу салтанатында «Ембімұнайгаз» АҚ бас технологы Марат Елеусінов қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
«Елімізде футзал спорты қарқынды дамуда. Ұлттық құрамамыз дүние жүзінде жақсы көрсеткіштер көрсетіп келеді. Бүгінгі қазақ мұнайының қарашаңырағы Ембі кубогы үшін жарысқа қатысып жатқан командалардың ойыншыларын болашақта ұлттық құрама сапынан көреміз деген ниет зор», – деді Марат Елеусінов.
Қола жүлде үшін «Қызылқоға» мен «Майкөмген» командалары арасындағы ойынның негізгі кезеңі 4:4 есебімен тең аяқталып, пенальти сериясында қызылқоғалықтар 5:4 есебімен жеңіске жетті.
Ал финалдық ойында «Мақат» және «Ақшұқыр» командалары кездесті. Мақаттық жас ойыншылар қарсылас қақпасына 5 гол соғып, жарыс жеңімпазы атанды. Есеп – 5:0. Осы орайда, хет-трик авторы атанған Қалдыбек Орынбаевты ерекше атап өткен жөн.
Жарыс жүлдегерлерін ЕМГ Әлеуметтік саясат және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры Қуандық Калидуллин 400 мың, 300 мың, 200 мың теңгелік қаржылай сертификатпен, кубок, медальдармен марапаттады.
Турнир соңында үздік ойыншылар да анықталды:
Үздік қақпашы – Ілияс Әсиетжан, «Майкөмген» командасы; Үздік сұрмерген – Нұрәлі Жексенғали (10 гол), «Қызылқоға» командасы; Үздік қорғаушы – Шахмардан Демесін, «Ақшұқыр» командасы; Үздік шабуылшы – Қалдыбек Орынбаев, «Қызылқоға» командасы; Үздік ойыншы – Расул Ерболұлы, «Мақат» командасы; «Жарыстың көзайымы» – Мейіржан Ринатұлы, «Ақшұқыр» командасы.Үздік ойыншылар да арнайы сыйлықтармен марапатталды.