Фильмде мұнайлы Ембінің 100 жылдық бай тарихы, ондағы ембілік мұнайшылардың ерен еңбектері, еліміздің өзге өңірлеріндегі мұнай кен алаңдарын ашудағы ембіліктердің табысты еңбектері баяндалып, жас ұрпақтың бойында аға буын-майталман мұнайшылардың жетістіктеріне мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал ету, мұнай-газ саласында алғашқы ізашар болған адамдар туралы жұртшылыққа жеткізу мақсат етілген.
Көркем-деректі қысқа метражды фильм Алматы, Астана қалалары мен Атырау облысының аумағында түсірілді. Фильм 10 сериядан тұрады, әр серияның уақыты 5 минут.
Фильм көрсетілімінен соң университет ректоры Г.Шакуликова, ұстаздар Г.Мұхангалиева, У.Қойбақова, Г.Байжігітова, студенттер алған оң әсерлерімен бөлісіп, фильмнің жалғасын түсіру, ағылшын тіліне аударып, қазақстандық мұнай-газ саласы тарихын шетелдерде насихаттау және тағы басқа ұсыныстарын ортаға салды.