Салтанатты шараға қатысқан «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының геология және игеру жөніндегі орынбасары Асқар Мұнара Қызылқоға ауданының әкіміне компания басшылығының құттықтау адресаты мен шағын автобустың кілтін табыс етті.
«Ембімұнайгаз» АҚ әлеуметтік жауапкершілікті жоғары қоятын компания екенін өздерінің ұзақ жылдан бері жалғасып келе жатқан игі іс-шараларымен дәлелдеп келеді. Соның ішінде ЕМГ Қызылқоға ауданында көптеген әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылысына қаржылай қолдау көрсеткен. Пәндік олимпиадалар мен спорттық сайыстарда жүлделі орындар иеленіп, жақсы нәтиже көрсетіп жүрген Ғ.Сланов атындағы орта мектептің оқушылары үшін жаңа шағын автобустың маңызы ерекше болды.
Жалпы, Ембімұнайгаз компаниясы Атырау облысы бойынша жер қойнауын пайдалану келісімшартына сай 2019-2024 жылдар аралығында мұнайлы өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 3 млрд астам қаражат аударды.