Ембіде бір топ сала қызеткерлері мен жұмысшыларына Атырау облысы әкімінің Алғыс хаты табыс етілді.
«Бұл «Ембімұнайгаз» АҚ үшін өндірістің ажырамас бөлігі және өндірістік процестің қозғаушы күші саналады. Аймақ басшысының бұл марапаты – бүкіл ұжымның ортақ мүдде мақсатындағы жұмысына берілген оң баға деп білеміз. Осы маңызды мамандықтың жауапкершілігін жіті сезініп, Ембі өндірісінің дамуына қосып жатқан энергетиктерді төл мерекемен құттықтаймын», – деді «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Қанатбек Қасымғалиев.
Облыс әкімінің Алғыс хатымен 14 жұмысшы-қызметкер марапатталды. Атап өтсек, ЕМГ өндірістік-техникалық департаментінің директоры Қайсар Тулеушов, бас энергетик қызметі бас энергетигінің орынбасары Баубек Сұлтанғалиев, «Ембімұнайэнерго» басқармасының бастығы Ғабит Иманғалиев, басқарманың бас инженері Берик Баямиров, «Жайық» аудандық электр торабы учаскесінің бастығы Нұрғуат Тлепов, «Прорва» аудандық электр торабы учаскесінің бастығы Нұрқуат Асқаров, «Мақат» аудандық электр торабы учаскесінің бастығы Әлібек Аманғалиев, «Құлсары» аудандық электр торабы учаскесі бастығының орынбасары Мансур Шамшиев, «Жайық» аудандық электр торабы учаскесі бастығының орынбасары Айбек Сағынғалиев, «Қайнар» аудандық электр торабының 5-санатты реттеу және өлшеу жөніндегі электрмонтері Танат Ибраимов, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ механика-энергетика бөлімінің 1-санатты инженер-энергетиктері Қуанышбек Игилманов пен Әділет Боранғалиев, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Прорва кен орындарын игеру жөніндегі өндірістік басқармасының жетекші инженер-энергетигі Ерлан Сәрсенов, газ дайындау және күкірт алу цехының инженер-энергетигі Құрманбек Габдоллин өңір басшысының алғысына ие болды.