«Жобаның тиімділігі Оңтүстік – Батыс Қамысты кен алаңындағы 60 және 30 орынды екі жатақхананы, 50 орынды асхананы, мұнай-газ өндіру цехы өндірістік нысанын, Өрт сөндіру ғимаратын және мұнай учаскесінің операторлар ғимаратын жылумен, ыстық сумен толықтай қамтып отырады. Бұл орайда блокты модульді жылу қазанының тәулігіне 2 600 кВт жылу, 550 кВт ыстық су беру мүмкіндігі бар», – дейді «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының құрылыс бөлімінің бастығы Еркебұлан Оспанов.
Айта кету керек, осыдан біраз жыл бұрын блокты модульді жылу қазаны «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Балғымбаев кен алаңында да іске қосылған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram