К 30-летию Независимости Казахстана | 06 тамыз 08:00

Ембідегі мұнайшылар мерекесі

«Ембімұнайгаз» АҚ-да жұмысшыларды ҚР мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күнімен құттықтау басталды.

«Жылыоймұнайгаз» МГӨБ кәсіподақ ұйымының қолдауымен, басқармада еңбек ететін 1 300-дей жұмысшыға кәсіби мереке қарсаңында мұнайшыға қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған арнайы сөмке сыйлыққа ұсынылуда.

«Басты мақсатымыз – пандемияның күрделі кезеңінде, аптап ыстықта еңбек етіп жүрген жұмысшыларды қолдау. Олардың алаңсыз жұмыс жасауына жағдай жасау. Сондықтан, кәсіби мереке қарсаңында осы шараны бастап кеттік. Вахта ауысымы болған кезде келесі құрамға да мұнайшының күнделікті жұмысына қажетті құралдары бар сөмкелер табысталады», – дейді «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ кәсіподақ ұйымының төрағасы Сырымбек Сәрсембаев.