К 30-летию Независимости Казахстана | 14 желтоқсан 11:31

Ембілік ардагер – Атырау облысының Құрметті азаматы

Жуырда ембілік ардагер, «Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры Ізбасов Максим Шафихұлы Атырау облысының Құрметті азаматы атанды.

Ол еңбек жолын 1976 жылы «Құлсарымұнай» МГӨБ Құлсары кен алаңында мұнай мен газ өндіру операторы болып бастады. Кейін Құлсары кен алаңында өндірістік-технологиялық бөлімнің аға инженері, жерасты жөндеу цехының басшысы, өндіру цехының басшысы қызметтерін атқарды.

1985 – 1989 жылдары – «Құлсарымұнай» МГӨБ партия комитетінің хатшысы болды. Еңбек еткен әр жылдары «Құлсарымұнай» МГӨБ жоспарлау-экономикалық бөлімінің басшысы, бас инженері, «Теңізмұнай» ӨБ өндірістік-технологиялық бөлімнің басшысы, бас инженері, бірінші вице-президенті болды. Екі акционерлік қоғам «Теңізмұнай» және «Ембімұнайгаздың» бірігуіне байланысты 1999 жылы «Құлсарымұнайгаз» МГӨБ басшысы болып тағайындалды.

2004 жылы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының директоры болып тағайындалды. Бұдан кейін «Құлсарымұнайгаз» МГӨБ басшысы, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның «Ембімұнайгаз» ӨФ-де бас техникалық жетекші, Норт Каспиан Оперейтинг Компани компаниясы Атырау филиалының жергілікті билік органдарымен байланыс жөніндегі аға кеңесшісі болып еңбек етті.

2012 жылдан 2017 жылдар аралығында Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі болды. 2021 жылдан Атырау облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы.