К 30-летию Независимости Казахстана | 15 қаңтар 08:33

Ембілік ардагер мұнайшы – Исатай ауданының Құрметті азаматы

Атырау облысы Исатай ауданының Аққыстау ауылында өткен салтанатты жиында аудан әкімі Марат Мурзиев аудандық мәслихат сессиясының шешіміне сәйкес ембілік ардагер мұнайшы Құрмет Төлеуішовке «Исатай ауданының Құрметті азаматы» атағының төсбелгісін тағын, куәлігін тапсырды.

Құрмет Төлеуішов – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-ның еңбек ардагері. Еңбек жолының соңғы 35 жылында мұнай өндіруші операторы болып қызмет атқарды. Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 2008 жылы «КазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның Алғыс хатымен марапатталды.

«ІІІ дәрежелі Даңқ» орденінің, «Жайық» мұнайының игерілуіне 40 жыл» ескерткіш белгісінің, «Ембімұнайгаз АҚ құрылғанына 95 жыл» мерейтойлық және «Исатай ауданына 90 жыл», «Қазақстан мұнайына 120 жыл» мерекелік медальдарының иегері.