Айналым әдісі бойынша өткен турнирде 8 команда өзара бақ сынасты. Мұнайшылар 7 кездесудің алтауында жеңіске жетті. Соның ішінде, «Мақат» командасын 10:0 есебімен тізе бүктірді. Осы орайда, қарсылас қақпасын бағындырып, алаңда әдемі ойын өрнегін көрсеткен ойыншылармен қоса, қақпамызды шебер қорғай білген қақпашымыз, «Ембімұнайэнерго» басқармасының «Жайық» аудандық электр торабының 4-разрядты электр монтері Миллат Идрисовты да ерекше атап өтуге болады.
«Компаниямызда жұмысшылардың спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен қолдау көрсетіледі. Екі айға жуық уақытқа созылған турнирге қатысу үшін команданы жасақтап, жұмыстан тыс уақытымызда дайындалуымызға қолдау білдірген «Ембімұнайгаз» АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы Болат Нсанбаев пен әлеуметтік саясат және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры Қуандық Калидуллинге алғысымызды білдіреміз», – дейді команда мүшесі Бауыржан Кунашев.
Айта кетейік, бұл аймақтық дода – Қазақстан Республикасының екінші чемпионатына іріктеу турнирі. Яғни, мұнайшы футзалшылар республикалық теңбілдоп жарысында енді облыс намысын қорғайды.
Дереккөз: «Ембімұнайгаз» АҚ facebook парақшасы