К 30-летию Независимости Казахстана | 14 қаңтар 11:18

Ембілік мұнайшылар балаларды мәз-мейрам етті

Жаңа жыл қарсаңында "Ембімұнайгаз" АҚ (ЕМГ) ұжымы өз еңбекақыларынан ерікті түрде қаражат жинап, Атырау облысындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың 200-ден астам баласына жаңажылдық сыйлықтар табыстады. 

Кей отбасылардың үйіне Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбековтің өзі барып, балаларды мерекемен құттықтады деп хабарлайды Компанияның баспасөз қызметі.

"Біздің Компания ел экономикасына, әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық жасауға да баса назар аударуда. Соңғы жылдары біздің ұжым жиырмадан астам қазақстандық отбасыға баспана алып берді. Соның ішінде, көпшілігі – Атырау облысының тұрғындары. 1922 жылдан құрылғалы бері "Ембімұнайгаз" компаниясы әлеуметттік салаға тұрақты көңіл аударып келеді. Республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 триллион теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд теңгеден астам қаражат аударылды", - дейді Әнуар Жақсыбеков.

Естеріңізге сала кетейік, ЕМГ басшысы көтерген бастаманы "Жылыоймұнайгаз" мұнай-газ өндірістік басқармасының мұнайшылары жалғап әкетіп, 2 миллион теңгеден астам қаражатқа Жылыой ауданының әлеуметтік аз қамтылған 12 отбасына көмек көрсетті.