Биыл KIOGE көрмесіне Австрия, Бахрейн, Беларусь Республикасы, Ұлыбритания, Германия, Қазақстан, Нидерланды, Ресей және Хорватия елдерінен 156 компания қатысты.
З мың шаршы метр аумақты құрайтын экспозиция мұнай-газ саласының 13-тен астам бағытын қамтыды. Атап айтсақ, геология, геофизика, цифрландыру, инжинирингтік шешімдер, инфрақұрылымды дамыту және тағы басқалар.
Орталық стенд - "ҚазМұнайГаз "Ұлттық Компаниясы АҚ экспозициясында компания туралы және мұнай мен газ өндіру, өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экологиялық мониторинг және өзге салалардағы цифрлық шешімдер туралы ақпарат ұсынылды.
Шара барысында ембілік делегация көрмеге қатысушылар ұсынған технологиялармен және ұсыныстармен танысты, сондай-ақ, техникалық семинарларға қатысты.