К 30-летию Независимости Казахстана | 21 маусым 07:30

Ембілік мұнайшыларға 33 медпункт қызмет көрсетеді

Медицина саласы қызметкерлерінің күніне орай «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы «Interteach медициналық сақтандыру компаниясы» ЖШС мен «Медикер» ЖШС Атырау облыстық филиалының қызметкерлерін құттықтады.

Interteach пен «Медикер» мамандары «Ембімұнайгаз» АҚ-мен бірнеше жыл қатарынан тығыз байланыста еңбек етіп келеді. Ембі өндірісінің кен алаңдарында медициналық пункттер ашылып, мұнайшыларға дер кезінде талапқа сай медициналық қызметтер көрсетілуде.

 

Биылғы Covid-19 пандемиясына орай туындаған карантиндік оқшаулау кезінде аталмыш медицина орталықтарының мамандары өз жұмыстарында жоғары кәсібилік шеберлікті көрсете білді.

«Медицина қызметкерлерінің төл мерекесіне орай барша дәрігерлерді құттықтай отырып, оларға мықты денсаулық, еңбектеріне табыс тілейміз», – деді ЕМГ Жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің директоры Нұрсәуле Тәжмағамбетова.

 

Бүгінгі таңда «Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты алты өндірістік құрылымдық бөлімшеде 33 медициналық пункт жұмыс істеуде. Өндірістік құрылымдық бөлімшелер жедел көмек көрсету транспортымен, қажетті дәрі-дәрмекпен толықтай қамтылған.